Бурят ұлттық округінің хойто аға ұлысы, Чита облысы 1930-2014 Мәскеу, Ресей
(1930, Хойто-Ага – 2014, Мәскеу) Ағаш ою өнерінің хас шебері, бурят мүсіншісі Сэрэнжаб Балдано кәсіби білім алмаса да, кеңестік суретшілер арасында өзіне тән даралығымен танылды. Жас күнінде ол Кеңес Одағының түкпір-түкпірін аралап, журналистика бойынша білім алып, мұражай саласында еңбек етті. Кейін Бурятия суретшілер одағының төрағасы ретінде аймақтың дәстүрлі өнерін, әсіресе, ағаш оюды, оның шамандық және буддистік негізін зерделеуге ден қойды. Осы мақсатта мұражай қорларын аралап, халық шеберлерімен жүздесті. 1960 жылдардың соңында оның еркін көзқарастары саяси қудалауға ұшырау қаупін тудырды. Содан ол Алматыға қоныс аударды. Мұнда оны Исаак Иткинд, Әбілхан Қастеев, Абрам Черкасский мен Сергей Калмыков сынды достары мен тәлімгерлері қолдады.
Альбомға элемент қосу үшін Жеке кабинетке кіріңіз немесе тіркеліңіз
Суретке тапсырыс беру үшін Жеке кабинетке кіріңіз немесе тіркеліңіз