Қайта оралу
Суретшілер

Рустам Хальфин

Өмір сүрген жылдары:

Ташкент, Өзбекстан 1949-2008 Алматы, Қазақстан

Өмірбаян:

Рустам Хальфин Орталық Азиядағы қазіргі заманғы өнердің негізін қалаушылардың бірі саналады. Ташкентте дүниеге келген, Санкт-Петербург пен Мәскеуде оқыған. Онда ол Қазимир Малевичтің шәкірті Владимир Стерлиговтың студиясында тәлім алды. Осы мектеп қалыптастырған «тостаған-күмбезді сана» жүйесі, яғни домалақ формаларға негізделген кеңістік теориясы Хальфиннің кеңістікті қабылдауының өзегіне айналды. Ол бұл тұжырымды жергілікті санамен де сабақтастыра білді, киіз үйдің күмбезі мен шай ішетін кеселер осы тұжырымның қазақ даласындағы көрінісі ретінде қарастырылды.