Атырау облысы, Амангелді атындағы бригада шаруашылығы 1937-1988 Алматы
Түсті батыл қолдануымен танылған Шаймардан Сариев – қазақтың «алпысыншы жылдар» буынының жарқын өкілі, ұлттық кескіндеме мектебінің қалыптасуы жолында еңбектенген тұлғалардың бірі. Ол 1959–1962 жылдары Харьков көркемөнер институтында білім алып, Алматыға оралған соң, 1976 жылдан бастап 1982 жылға дейін «Жазушы» және «Жалын» баспаларында кітап безендіру және иллюстрация саласында еңбек етті. «Қонақтар» көрмесіндегі «Ұлымның портреті» туындысында отбасы өзіне тиесілі кеңістік, рухани тамыр ретінде көрініс табады. Суретші ойлы да өткір жанарымен қараған баланың бейнесі арқылы сол жақындықты бейнелейді. Композициядағы нәзіктік пен ішкі рух беріктігі суретшінің психологиялық иірімдерді шебер жеткізе алатынын дәлелдейді.
Альбомға элемент қосу үшін Жеке кабинетке кіріңіз немесе тіркеліңіз
Суретке тапсырыс беру үшін Жеке кабинетке кіріңіз немесе тіркеліңіз