1964 ж.т., Түлкібас темір жол вокзалы, Қазақстан
Ербосын Мелдібеков – концептуал бағыттағы қазіргі заманғы Орталық Азия суретшісі. Оның шығармашылығы билік пен тарихи мифтерді, әсіресе кеңестік және посткеңестік мұраларды сыни тұрғыда қайта қарауға негізделген. Алматыда монументал мүсін мамандығы бойынша білім алған ол, Кеңес Одағы құлағаннан кейін инсталляция, перформанс, видео және фотосурет сынды жаңа медиаларға бет бұрып, көркем материалды идеологиялық талдаудың құралына айналдырды. Әдеткі су құятын легендерді «жергілікті тұрмыстық бұйым» ретінде пайдаланып, оларды тауға ұқсатып мүсіндеген суретші көрерменді Орталық Азияның таулы кеңістігі арқылы сұлулықтың астарына бойлап, тереңірек ойлануға шақырады. Меңдібеков нысандарында да, атауларында да өзіне тән ирониямен биліктің абсурдты логикасын, тоқтаусыз қайталана беретін сипатын әшкерелейді. Бұл оның өзіндік археологиялық зерттеуі секілді.
Альбомға элемент қосу үшін Жеке кабинетке кіріңіз немесе тіркеліңіз
Суретке тапсырыс беру үшін Жеке кабинетке кіріңіз немесе тіркеліңіз