Қайта оралу
Суретшілер

Леонид Леонтьев

Өмір сүрген жылдары:

Санкт-Петербург 1913-1983 Алматы

Өмірбаян:

Кеңес кезеңі суретшісі әрі педагог Леонид Леонтьевтің шығармашылығы академиялық кескіндеме мен социалистік реализм шеңберінде өзіндік еркіндікке ұмтылған суретшінің шырғалаңға толы жолын бейнелейді. Ленинградтағы Репин институтында білім алған ол қатаң академиялық тәртіпті бойына әбден сіңіргенімен, орыс авангардымен танысуы арқасында жаңа ізденістерге ынтық болды. 1939 жылы Қазақстанға көшіп келген соң, Леонтьевтің шығармашылығында бетбұрыс байқалды. Жаңа мәдени ортада бұрынғы қағидалардан арылып, еркін тыныс тапты. Оның пейзаждары мен қарапайым тұрмыс көріністері жай ғана бейнелеуден гөрі көрерменді ішке тартып, сол әлеммен өзара қатынас құратын кеңістікке айналды. 1970 жылдардан бастап, Леонтьев иллюстрациялық тәсілден біржола алыстап, түстердің, сызық пен ырғақтың мәнерлілігіне көбірек мән бере бастады.