Қайта оралу
Суретшілер

Эдуард Казарян

Өмір сүрген жылдары:

1964 ж.т., Алматы, Қазақстан

Өмірбаян:

Эдуард Казарян – шағын пішіннен бастап қоғамдық кеңістіктегі монументалды мүсіндерге дейін әртүрлі ауқымда жұмыс істейтін қазақстандық мүсінші. Ол қола, болат және саз сияқты материалдарды қолданып, мозаика, гобелен, графика мен зергерлік бұйым жасау сынды алуан түрлі техникаларды меңгерген. 1990 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын тәмамдаған. Ол өз шығармаларының декоратив стилі, психологиялық нәзіктігі мен үнемі жаңашылдыққа бағытталған ізденістерімен танымал. Оның туындылары жиі қозғалысқа толы – адам мен жануар бейнелері бір-бірімен иіріліп, ағындап жатқандай әсер береді. 2015 жылы Алматыда шығармашылық байланыс пен идея алмасуға арналған Kazarian Art Center орталығын құрды.